Жамбыл облысының әкімі лауазымды тұлғаларын қатаң жазаламақ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысының әкімі лауазымды тұлғаларын қатаң жазаламақ

Жамбыл облысының әкімі лауазымды тұлғаларын қатаң жазаламақ

Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев облыс әкімдігінде өткен кеңесте бюджет қаражатының игерілмеуіне қатысы бар бірқатар лауазымды тұлғаларға тәртіптік жауапкершілікті қарастыруды тапсырды.

  • 19 Тамыз 2013
  • 361
Фото - Caravan.kz

Жуырда өткен ҚР Үкіметінің отырысында бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Жамбыл облысы бюджет қаражатын игермеу бойынша көш бастап тұрғандығы баяндалды.

Аймақ әкімдігінен мәлім еткендей, жеті айдың нәтижесі бойынша қаражатты игермеу 14,1 млрд. теңгені құрады (салыстыру үшін — бір жыл бұрын 9,5 млрд. теңге болды). Биылғы жылы бюджет жоспарланғаннан тек 87,7 пайызға игерілді, бұл ретте, бөлінген қаржының 60 пайыздан астамы даму бағдарламаларына тиесілі.

Қаржы басқармасының бастығы Ерқанат Мәнжуовтың айтуынша, ақшаны игермеудің себептері тендерді өткізу, материалдарды жеткізу уақыттарының кешіктірілуі, құжаттарды дер кезінде ұсынбау болып табылады.

Өңір басшысы бюджет қаражаттарының игерілмеуіне жол берген ведомство басшыларына тәртіптік жауапкершілікті қарастыруды жүктеді. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы басқармасының басшыларына ауызша ескертулер жасалды. Онымен қоса, субсидиялар берудегі кемшіліктерді жою, Жуалы, Қордай және Меркі аудандары салық базаларының әлеуетіне талдау жүргізу және «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асырудың мерзімдерін қадағалау тапсырылды.