Жарияланды: 350

Жамбыл облысының екі ауданында 4 граната табылды

Жамбыл облысының екі ауданында 4 граната табылды

Өткен тәуліктің ішінде Меркі және Шу аудандарының аумағында бірнеше оқ-дәрі табылды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

«Меркі ауданының Тәтті ауылдық аймағында, Қарасу ауылына жақын жердегі зиратта жергілікті жасөспірімдер бір Ф-1 гранатасын тауып алған, кейін оның жаттығу гранатасы екені анықталды. Облыстық ІІД-нің «Арлан» арнайы бөлімшесінің саперлері тергеу шараларын өткізу үшін жарылғыш затты алып кетті», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына, Меркі ауданында өрт сөндіру цистернасын қоса алғанда, жеті техникамен 24 адам барып жетті.

Бұдан басқа, Шу ауданының Бірлік ауылындағы жекеменшік тұрғын үйдің ауласында жалға алушы гаражды жинаған кезде оның ішінен екі Ф-1 гранатасы мен бір РГД-5 гранатасын және 4 пластитті анықтаған.

«Бұл жарылғыш заттардың жаттығуға арналғаны анықталды. Шу ауданы ІІБ-нің жедел-тергеу тобы тергеу шараларын өткізу үшін оларды алып кетті», - деп хабарлады облыстық ТЖД-дан. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін