Жарияланды: 700

Жамбыл облысының географиялық орналасуы инвестиция салуға тартымды- Deutsche Bank AG жетекшісі

Қазақстандағы Жамбыл облысының географиялық орналасуы инвестиция салуға тартымды, Қазақстан бойынша Deutsche Bank AG бас директоры Ульф Вокурка осылай деп санайды.

" Көліктік - логистикалық компания үшін облыста темір жол және автомобиль тораптарының , аэропорттың болуы, Қырғызстанмен шектесуі, басқа да ортаазиялық республикалардың жақын орналасуы өте қолайлы. Мұның өзі аймақ бойынша 16 миллион әлеуетті тұтынушыларды тарту деген сөз ", - деді ол бейсенбі күні Таразда өтіп жатқан TARAZ INVEST-2012 халықаралық инвестициялық форумның аясында журналистерге. Сонымен қатар, оның пікірінше, көптеген бизнесмендер Жамбыл облысын транзиттік қана емес, сондай-ақ түрлі қайта өңдеу өндірістерін дамытуға мүмкіндік беретін "жүкқұраушы" өңір ретінде де жақсы біледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін