Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны айдаған көлікті жол-патруль қызметінің және есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы-Астана трассасында тексеру үшін тоқтатты, деп хабарланған сейсенбіде облыстық полициядан таралған ақпаратта.
Көліктің жүк қоятын бөлігінде олар екі жол сөмкесін тапқан, онда 105 килодан аса марихуана болған.
Ұсталған жігіт изоляторға отырғызылды, қылмыстық іс қозғалды.