Жамбыл және Алматы облыстарында суық түседі деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл және Алматы облыстарында суық түседі деп күтілуде

Жамбыл және Алматы облыстарында суық түседі деп күтілуде

11-12 қазанда түнгі уақыттарда Жамбыл облысында, 11-13 қазанда Алматы облысында 0-2 градусқа дейін күн суытады деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сілтеме жасап, ҚР ТЖМ ақпарат орталығы.

  • 10 Қазан 2013
  • 437
Фото - Caravan.kz

Ертең Қазақстанның батыс бөлігі антициклон ықпалында болуына байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Республиканың шығыс бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болып, жел күшейеді, жекелеген аудандарда түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақмола, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау облысында, түнде және таңертең Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысының кей жерлерінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.


Республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысының таулы өзендерінде су деңгейі тұрақсыз болады деп күтілуде, Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде жаңбыр жаууына байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін.