Жамбылдағы жарылыс кезінде жоғалып кеткен екі жасар бала табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбылдағы жарылыс кезінде жоғалып кеткен екі жасар бала табылды

Жамбылдағы жарылыс кезінде жоғалып кеткен екі жасар бала табылды

 

  • 29 Тамыз 2021
  • 44
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысында орын алған жарылыс кезінде жоғалып кеткен 2 жасар бала аман-сау табылып ата-анасына тапсырылды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрлігі ұлттық ұланның әскери қызметшілері бейбіт тұрғындарды эвакуациялау кезінде жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына қайтарғанын хабарлады. Сонымен қатар, құнды заттар да табылған.

"27 тамыз күні сағат 10:15 шамасында Байзақ ауылында 5513 әскери бөлімі қызметкерлері патруль кезінде қатардағы әскер Н.Ж. Сақтапберген шамамен 2 жасар баланы байқап қалады. Қасында ата-анасы болмаған. Іздеу шарасы нәтижесінде баланың ата-анасы табылып, аман-есен тапсырылды", — деді делінген хабарламада.


  • Мейіржан Аймановқа "Халық қаһарманы" атағы берілді


Өз кезегінде баланың ата-анасы әскерилерге алғысын білдірген.

Бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери бөлімдегі жарылыстан кейін 3 әскери қызметшімен және төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше маманымен байланыс болмай тұрғанын айтқан.

Еске сала кетсек, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді.

Төтенше жағайлар министрлігінің мәліметі бойынша, оқиға орнына ең жақын орналасқан 3 елді мекенде 1086 адам тұрады. Жарылыс кезінде олардың 710-ы облыс орталығына эвакуацияланған.

Жалпы оқ-дәрі қоймасындағы өрттің кесірінен база аумағында оннан астам жарылыс болған.

Соңғы жаңалықтар