Жәмила Серкебаева мен «Тұран» тобы «Шарк тароналари» халықаралық музыкалық фестивалінде өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.46
  • 555.38
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жәмила Серкебаева мен «Тұран» тобы «Шарк тароналари» халықаралық музыкалық фестивалінде өнер көрсетеді

Жәмила Серкебаева мен «Тұран» тобы «Шарк тароналари» халықаралық музыкалық фестивалінде өнер көрсетеді

25-30 тамыз күндері аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында ЮНЕСКО-ның қолдауымен "Шарк тароналари" (Шығыс әуендері) 8-ші халықаралық музыкалық фестивалі өтеді.

  • 17 Тамыз 2011
  • 636
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінен хабарлады.

Фестиваль 1997 жылдан бері Шығыс халқының музыкалық өнеріндегі ең үздік жетістіктерін кеңінен танымал ету, сондай-ақ халықаралық шығармашылық байланыстарды одан әрі кеңейту және мәдени-рухани өзара ықпалдастықты нығайту мақсатында өткізіліп отыр.

«Шарк тароналари» фестиваліне әртүрлі мемлекеттердің өнер шеберлері қатысады. Соның ішінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Серкебаева мен «Тұран» тобы бар.