Жанар-жағар май құю бекеттері нарығында ҚМГ 10 пайыздық үлесі мұнай өнімдері бағаларына әсер етуге жеткілікті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанар-жағар май құю  бекеттері нарығында   ҚМГ 10 пайыздық үлесі мұнай өнімдері бағаларына әсер етуге жеткілікті

Жанар-жағар май құю бекеттері нарығында ҚМГ 10 пайыздық үлесі мұнай өнімдері бағаларына әсер етуге жеткілікті

Астана. 15 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің "мұнай және газ кәсіпорын бас диспетчерлік басқармасы" АҚ президенті Қайрат Қайпиевтің есептеуінше, жанар-жағар май құю бекеттері нарығында ҚМГ 10 пайыздық үлесі мұнай өнімдері бағаларына әсер етуіне жеткілікті. Мұндай пікірді ол бүгін журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Қараша 2007
  • 594
Фото - Caravan.kz

«Өркениеті нарықтың талаптары бойынша, компанияның 10 пайыздық үлесі болса, онда оның ықпалы үлкен деп саналады», — деді Қ. Қайпиев.

«Менің ойымша, еген сенің қолында 10 пайыз болса, онда сенің нақты нарықта ықпалың жүреді» «, — деп ойын толықтырды ол.

ЭМРМ өкілінің пікірінше, Қазақстанда мұнай өнімдері бағасына әсер ететін үш ірі компания бар -ТД ҚМГ, «Гелиос» және «ПетроҚазақстан». «Көлем бойынша олар алдыңғы қатарда, сондықтан олар бағаны да анықтайды (ішкі нарықта)», -деп санайды Қ. Қайпиев.

«Гелиос» 80 жанар майдың бағасын 73 теңгеге көтергеннен кейін, басқа да компаниялар сол бағаға қарап тарифтерін өзгерте бастады» — деп мысал келтірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті