Жаңа бағдарлама аясында жалға берілетін пәтерлердің орташа құны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа бағдарлама аясында жалға берілетін пәтерлердің орташа құны анықталды

Жаңа бағдарлама аясында жалға берілетін пәтерлердің орташа құны анықталды

Жаңа бағдарлама аясында жалға берілетін пәтерлердің орташа құны 52 мың теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының жиналысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

  • 18 Желтоқсан 2014
  • 454
Фото - Caravan.kz

«Астана мен Алматыда жалға берілетін пәтерлердің орташа бағасы салықтарды қоспағанда 52 мың теңгені құрайды. Яғни, азаматтар  50 шаршы метрлік баспанаға ай сайын 52 мың теңге төлеп тұратын болады», — деді Қ.Бишімбаев.

Оның айтуынша, жаңа тұрғын бағдарламасы аясында пайдалануға берілетін пәтерлердің аумағы үш бөлмелік 80-85 шаршы метрден аспайтын болады. Ал екі бөлмелі пәтерлер 50-55, 1 бөлмелі пәтерлер шамамен 35-40 шаршы метрді құрайды.

Жаңа бағдарлама аясында 29 мың пәтер беріледі. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының жиналысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті. 

«Біздерге 2015 жылы 92 млрд., 2016 жылы 52 млрд. теңге бөлінеді. Осылайша, Ұлттық қордан 145 млрд. теңге беріледі. Біз осы бағдарлама бойынша, 2020 жылға дейін қаржыландыру сомасын 250 млрд. теңгеге жеткіземіз», — деді ол.


Оның айтуынша, мұндай нәтижеге жалдау құны есебінен қол жеткізілетін болады.

«Сонымен қатар, біз соманы қайта қаржыландырып отырамыз. Бұған қоса, қазақстандық ипотекалық компания қор нарығынан оның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аясынан да займдар тартады», — деді Қ.Бишімбаев.

Холдинг басшысының айтуынша, осындай шаралардың арқасында 2020 жылға дейін жалпы аумағы 1,4 млн. шаршы метрді құрайтын 29 мың пәтер пайдалануға беріледі.