Жарияланды: 510

Жаңа Бюджеттік кодекстің нормаларын жүзеге асыруға қосымша қаражат қажет - Сұлтанов

Астана. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа Бюджеттік кодекстің нормаларын жүзеге асыруға 2009 жылы бюджеттен қосымша 440,5 млн теңге көлемінде қаражат қажет. Бұл туралы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов кеше Бюджеттік кодекстің Қазақстан парламентіндегі тұсаукесерінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жаңа Бюджеттік кодекстің нәтижеге бағытталған бюджет жасау жөніндегі нормаларын жүзеге асыруға қосымша қаржы қажет", - деді Б. Сұлтанов. "2009 жылы қажет болатын қосымша қаржы көлемі мынадай: 185,4 млн теңге өңірлерде нәтижеге бағытталған бюджет жасауға, 250 млн теңге - мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруына бақылау жасау жөніндегі әдістемелік нұсқауларды жасауға, тағы 5 млн теңге - Қазақстанда мемлектетік ішкі және сыртқы аудитті дамыту тұжырымдамасының жобасын жасауға қажет", - деді ол. Экономика министрлігінің мәліметінше, 2010 - 2011 жылдары бюджеттен нәтижеге бағытталған бюджетке көшудің сапасы мен жүзеге асырылу барысын бағалауға 150 млн теңгеден бөлу, сондай-ақ, 2010 жылы 53,8 млн теңгені, 2011 жылы 94 млн теңгені мемлекеттік органдардың іс-қызметін бағалау мақсатымен бөлу межеленген. "Сонымен бірге, 2010-2012 жылдары қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын енгізуге 18,5 млрд теңге қажет", - деді Б. Сұлтанов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін