Жаңа инвестициялық салық преференциялары тек Корпоративтік кіріс салығы бойынша ғана беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа инвестициялық салық преференциялары тек Корпоративтік кіріс салығы бойынша ғана беріледі

Жаңа инвестициялық салық преференциялары тек Корпоративтік кіріс салығы бойынша ғана беріледі

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа инвестициялық салық преференциялары тек Корпоративтік кіріс салығы бойынша ғана беріледі. Бұл туралы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов жаңа Салық кодексінің тұжырымдамасын талқылауға арналған дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Тамыз 2008
  • 934
Фото - Caravan.kz

«Корпоративтік кіріс салығы бойынша жеңілдіктер 3 жыл бойы инвестицияларды үдемелі алып тастау түрінде енгізіледі. Сонымен біруақытта шығындарды ауыстыру мерзімі 3-тен 10 жылға дейін ұзартылады», — деді Б. Сұлтанов.

Экономика министрінің пайымдауынша, «бұл инвестицияларды тез арада алып тастау артықшылығын пайдалануға мүмкіндік береді». «Преференциялар өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарға автоматты түрде өтініш бойынша беріледі».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар