Қайырбек Өскембаев, «Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес бұрындары ойынханалардың, ойын автоматтары залдарының, букмекерлік конторалар мен тотализаторлардың іс-қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиялардың күші 1-сәуірде жойылғандығын атап өтті. Осыған байланысты букмекерлік конторалар өтініш білдіріп, жаңа лицензия алуға тиіс болатын. «Жаңа лицензия алмайынша олардың іс-қызметі 1-сәуірден кейін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің заңсыз кәсіпкерлікке жауаптылықты қарастыратын 190-бабына жатады»,- деп атап көрсетті комитет басшысы.
Осыған байланысты, Қ. Өскембаев туризм және спорт министрлігі осы айдың басынан бастап «интернет-сайттарға талдау жүргізетіндігін» атап өтті. «Біз кімнің ставка қабылдап жатқандығы, жаңа лицензия алмаған букмекерлік конторалардың қандай операциялар жүргізіп жатқандығы туралы ақпараттар аламыз»,- деді ол. Қ. Өскембаев министрліктің «экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігіне Қостанай облысында, Алматы мен Астанада Интернет арқылы заңсыз ставкалар қабылдау дерегінің анықталғандығы туралы хат» жолдағандығын мәлім етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті