Жаңа салық кодексі 2009 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді - премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа салық кодексі 2009 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді - премьер

Жаңа салық кодексі 2009 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді - премьер

Астана. 13-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа салық кодексі 2009 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы кеше Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа отырысында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Ақпан 2008
  • 883
Фото - Caravan.kz

К. Мәсімов, үкіметтің қазіргі уақытта «Қазақстанның алдағы жылдарда дамуын анықтайтын үш басты құжатты»: Салық және Бюджеттік кодекстер мен 2009 — 2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджетті әзірлеп жатқандығын атап өтті.

«Олар 2009 жылдың 1-қаңтарында күшіне ену үшін, оларды қысқа мерзім ішінде дайындау қажет»,- деді премьер.

Сонымен қатар үкімет басшысы, жекелеген инвесторлардың наразылығы мемлекеттің салық жүйесін реформалау мәселесіндегі ұстанымына әсер етпеуге тиіс екендігін атап көрсетті.

Премьер депутаттар корпусының Салық кодексін «тезірек» қабылдауға көмек көрсететіндіктеріне үмітін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті