Жаңа Салық кодексінде бұрын жасалынған келісім-шарттардың тұрақтылығының күшін жоюды қарастыру қажет - Өксікбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа Салық кодексінде бұрын жасалынған келісім-шарттардың тұрақтылығының күшін жоюды қарастыру қажет - Өксікбаев

Жаңа Салық кодексінде бұрын жасалынған келісім-шарттардың тұрақтылығының күшін жоюды қарастыру қажет - Өксікбаев

Астана. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа Салық кодексінде бұрын жасалынған келісім-шарттардың тұрақтылығының күшін жоюды қарастыру қажет. Бұл туралы бүгін "Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың құқықтық сәйкестілігі тәжірибесінің өзекті проблемалары" атты халықаралық мәслихатында сөйлеген сөзінде ҚР Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 25 Шiлде 2008
  • 394
Фото - Caravan.kz

Ол Есеп комитеті салықтық заңнаманы жетілдіруге арналған бірқатар ұсыныстарды әзірлегенін хабарлады. Олар қазір үкіметке жолданған. Есеп комитетінің төрағасының айтуынша, бұл ұсыныстар жер қойнауын пайдалану саласындағы табыстарды арттыруды, соның ішінде, келісім-шарттардың салықтық режимінен салықтық заңнамаға көшу жолымен трансферттік баға белгілеу арқылы салық салудан жалтару мүмкіндігін жоюды қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті