Жаңа Салық кодексінің аясында салық салу мақсатында мүлік құнын нарықтық жолмен бағалау мәселесі шешімін тапқан жоқ - Қазақстанның салық төлеушілерінің қауымдастығы
Алматы. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа Салық кодексінің аясында салық салу мақсатында мүлік құнын нарықтық жолмен бағалау мәселесі шешімін тапқан жоқ. Бұл туралы Қазақстанның салық төлеушілерінің қауымдастығының басқарушы кеңесінің төрайымы Жаннат Ертілесова бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Уақыттың тапшылығына байланысты жаңа Салық кодексінің жобасын жазу барысында біз салық салу мақсатында мүліктің құнын нарықтық жолмен бағалауды қолданысқа енгізу мәселесінің шешімін таба алған жоқпыз", - деді Ж. Ертілесова.
"Елімізде мүліктің құны нарықтық жолмен бағаланбайды. Пәтерлер басқа тетіктермен бағаланады. Ал дамыған елдерде мүлікті бағалауда оның нарықтық құны ескеріледі", -деді ол.
"Айталық, менің қала орталығында баспанам болсын делік... Оны мен қашан болмасын 10 млн теңгеге сата аламын, тиісінше, салық осы сомадан алынуға тиіс. Ал бізде бағалау жүйесі нарықтық сипатта емес. Сол себепті бүгінгі жағдаймен біз бұл мәселенің шешімін кодексте таба алған жоқпыз. Өйткені бұнда жерге қатысты мәселе бар. Сол себепті бағалаушы компаниялармен, әділет министрлігімен бірлесе жұмыс істеу қажет. Бірақ осындай мақсат қойылып отыр", - деді қауымдастық өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін