Жарияланды: 590

Жаңа Салық кодексінің жобасы парламентке енгізілмес бұрын "Нұр Отан" ХДП басшылығымен бірлесе талқыланады - Кәрім Мәсімов

Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа Салық кодексінің жобасы, 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің жобасы мен Бюджеттік кодекске енгізілетін өзгерістер парламентке енгізілмес бұрын "Нұр Отан" ХДП басшылығымен және парламенттің қос палатасының басшылығымен бірлесе талқыланады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз бұрын уағдаласқандай, Жаңа Салық кодексінің жобасы, 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің жобасы мен Бюджеттік кодекске енгізілетін өзгерістерді екі аптадан кейін үкіметтің отырысына енгіземіз, ал қыркүйекте оларды прарламентке ұсынамыз", - деді Кәрім Мәсімов. "Бұл блокқа бәсекелестік туралы заң жобасын да қамту қажет, осы мәселені өз бақылауыңызға алыңыз", - деді үкімет басшысы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаевқа қаратып айтқан сөзінде. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть