Жаңа үкіметтің бағдарламасында денсаулық сақтау мәселесі маңызды орынға ие болады - премьер министр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.53
  • 543.73
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа үкіметтің бағдарламасында денсаулық сақтау мәселесі маңызды орынға ие болады - премьер министр

Жаңа үкіметтің бағдарламасында денсаулық сақтау мәселесі маңызды орынға ие болады - премьер министр

АСТАНА. 22- қаңтар. Kazakhstan Today. Жаңа үкіметтің бағдарламасында денсаулық мәселесіне қатты көңіл бөлінеді, бұл жөнінде денсаулық сақтау министрлігінің алқа жиынында премьер министр Кәрім Мәсімов мәлімдеді.

  • 22 Қаңтар 2007
  • 697
Фото - Caravan.kz

«Денсаулық сақтау мәселелері үкіметтің болашақ бағдарламасының негізіне айналады», деді К. Мәсімов. «Біз қаржыландыру мәселесінің өсуін емес, ауру санын төмендетуді міндет етуіміз керек»,-дейді үкімет басшысы. «Біздің мақсатымыз, ауырғаннан гөрі дені сау болған тиімдірек болатындай жүйе қалыптастыруымыз қажет», деп атап өтті ол.

Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі денсаулық сақтау жүйесінің басты проблемасы ол: «басқару деңгейінің төмендігі мен жемқорлық». «Шымкенттегі жағдай осының дәлелі»,-деді К.Мәсімов.

Сонымен қатар, үкімет басшысының пайымдауынша, денсаулық сақтау министрлігі алдындағы басты мақсат: «халықаралық стандарттарды қамтамасыз ету».

К.Мәсімов сөз соңында : «денсаулық сақтауға қатысты мәселе туындағанда, өзге мәселе маңызды емес. Сондықтан да денсаулық проблемасы үнемі Елбасының және менің назарымда болады», деді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті