Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша жолаушылар пойыздары жолға шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша жолаушылар пойыздары жолға шығады

Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша жолаушылар пойыздары жолға шығады

 «Жолаушылар тасымалы» АҚ қысқы мерекелер қарсаңында бірреттік қосымша жолаушылар пойыздарының тағайындалатыны жайлы хабарлайды.

  • 19 Желтоқсан 2014
  • 405
Фото - Caravan.kz

—  №61/62 Алматы-2 — Арыс-1, Алматы-2 мен Арыстан үстіміздегі жылдың 26, 30 желтоқсанында жүреді;

—  №151/152 Алматы-Көкшетау, Алматы-2 стансасынан 27 желтоқсанда, Көкшетаудан 29 желтоқсанда аттанады;

—  №153/154 Астана-Қостанай, Астанадан 29 желтоқсанда, Қостанайдан 30 желтоқсанда аттанады;

—  №156/155 Астана-Арыс, Астанадан 29 желтоқсанда, Арыстан 30 желтоқсанда аттанады;

—  №501/502 Маңғышлақ-Бейнеу, Маңғышлақтан 27, 29 желтоқсанда, Бейнеуден 28, 30 желтоқсанда жүреді.

Осы күндері сондай-ақ халықаралық жолаушылар пойыздарының қозғалысы бекітіледі:

—  №325/326 Новосібір-Алматы, Новосібірден 27, 29 желтоқсанда, 2015 жылдың 3, 5, 7 қаңтарында, Алматыдан 2014 жылғы 29, 31 желтоқсаны мен 2015 жылдың 5, 7, 9 қаңтарында 5 рейске қатынайды;


—  №371/372 Новокузнецк-Қарағанды, Новокузнецктен 2014 жылғы 26, 30 желтоқсаны мен 2015 жылғы 4, 8 қаңтарында, Қарағандыдан 28 желтоқсаны мен 2015 жылдың 1, 6, 10 қаңтарында 4 рейске жүреді.

Аталмыш бағыттар кестесін жасау кезінде жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға көп көңіл бөлінді, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.