Жарияланды: 50

Жаңаөзен қаласына әскери күштер енгізілуде деген ақпарат шындыққа жанаспайды

Жаңаөзен қаласына әскери күштер енгізілуде деген ақпарат шындыққа жанаспайды Сурет - Zhanaozen.gov.kz

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында әскери күштер енгізілуде деген гу-гу әңгімелер әлеуметтік желілер айтылып та, жазылып та жатыр.

Осы жағдайға байланысты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өз жауаптарын айтты деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"Әлеуметтік желілерде таралған Жаңаөзен қаласына әскери күштер енгізілуде деген ақпаратты Маңғыстау облысының әкімдігі шындыққа жанаспайтынын xабарлайды. Жаңаөзен қаласында жағдай бірқалыпты. Қалада жұмыссыздарды тіркеу мен бос жұмыс орындарын бөлу мақсатында бірнеше орындар ашылғандығын және тұрғындарды барынша жұмыспен қамту жұмыстары жүргізілуде", - деп жауап берді Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін