Жарияланды: 490

Жаңаөзен тұрғыны жанжал кезінде 25 жастағы жігіттің басынан атқан

Жаңаөзен тұрғыны жанжал кезінде 25 жастағы жігіттің басынан атқан

Демалыс күндері Маңғыстау облысының 25 жастағы тұрғынын травматикалық тапаншамен басынан атқан, деп хабарлайды аймақтық құқыққорғау органдары.

Оқиға «Кендірлі» демалыс аймағында орын алған. Басына оқ тиіп, бас-ми жарақатын алған жігіт Жаңаөзен қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Полиция мәліметтеріне қарағанда, жігіт мас болған.

Аталған факті бойынша полиция жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.  Көп уақыт өтпей күдікті қолға түсті, ол зардап шегушінің құрдасы, Жаңаөзен тұрғыны болып шықты. Күдіктіден заттай айғақ ретінде  «Стражник» травматикалық қаруы тәркіленді. 
Полиция анықтағандай, жас жігіттер демалыс орнында танысқан. Екеуі бірге ішімдік ішкен, кейін араларында жанжал шыққан. Жігіттердің бірі еш ойланбастан тапанша алып шығып, құрдасының басынан атқан. 
Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Лада.кз.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін