Жарияланды: 480

Жаңаөзеннің бұрынғы әкіміне қатысты сот өкімі өзгеріссіз қалдырылды

Жаңаөзеннің бұрынғы әкіміне қатысты сот өкімі өзгеріссіз қалдырылды

Бүгін Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық инстанциясы Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевтің ісі бойынша шешім шығарды.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Гүлнұр Симатованың айтуынша, өкім өзгеріссіз қалдырылды, тек туыстарының мүлкін тәркілеу бөлімінде ол «айыпталушының мүлкін тәркілеуге» ауыстырылды. Сот өкімі заңдық күшіне енеді, алайда айыпталушының кассациялық инстанцияға, одан кейін Жоғарғы сотқа апелляция беруге құқығы бар, деп қосып өтті Г.Симатова. Белгілі болғандай, Ақтөбе облысындағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен, алқа билердің қатысуымен Орақ Сарбөпеев мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режімдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін