Жарияланды: 1100

Жаңақала ауданында ақын Қ.Жұмағалиевтің 75 жылдық мерейтойы аталып өтілді

Жаңақала ауданында ақын Қ.Жұмағалиевтің 75 жылдық мерейтойы аталып өтілді

30 қазан күні Жаңақала аудандық мәдениет үйінде белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиевтің 75 жасқа толуына арналған «Қоңыр күзге жеткенде» атты жыр кеші болды.

Шараны жаңақалалық ақын, аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали жүргізді. Мерейтой иесін аудан әкімі Лавр Хайретдинов құттықтап, иығына шапан жауып, астына ат мінгізді. Ақынның жары Софияға да сый-сияпат жасалды. М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Серікқали Шарабасов Қайрат Жұмағалиевтің ақындығы мен аудармашылығы жөнінде әңгімелеп берсе, оралдық ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғайсағали Сейтақ өз өлеңін оқып берді. Сахна төріне көтерілген Қайрат Жұмағалиев өмірі мен шығармашылығы жөнінде сыр шертіп, жырларын оқыды. Кеште ақынның «Жарық дүние» атты жаңа кітабының да жарық көргені айтылды. Қайрат Жұмағалиевтің шығармашылық сапары бүгін туған жері Бөкей ордасы ауданында жалғасты. Ертең Хан ордасы ауылында ақын тойы өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін