Жаңақорған прокуратурасы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының орындалу барысына араласт - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңақорған прокуратурасы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының орындалу барысына араласт

Жаңақорған прокуратурасы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының орындалу барысына араласт

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық прокуратурасы жұмыссыз жүрген тұлғалардың терроризмге, экстремизмге немесе сепаратизмге бас ұруы мүмкін екенін ескере отырып, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуына талдау жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Тамыз 2013
  • 547
Фото - Caravan.kz

Бағдарламаның басты мақсаты болып, жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және өсуіне жол бермеу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу болып табылады. Осыған байланысты аудан көлемінде бағдарламаға сәйкес, 2011 жылы кәсіби даярлауға 249 азамат, қайта даярлауға 46 азамат, біліктілігін арттыруға 28 азамат оқуға қабылданса, 2012 жылы кәсіби даярлауға 108, қайта даярлауға 109 азамат оқуға қабылданған. 2013 жылы қайта даярлауға 100 азамат жолданып, кәсіби даярлауға 95 азаматты оқыту жоспарланып отыр. 2011-2013 жылдары бағдарлама аясында оқуға жолданған барлығы 774 азаматтан 752 азамат оқуға қабылданып, 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 334 адам оқуын аяқтады. Нәтижесінде 178 азамат жұмыспен қамтылып, оның ішінде, әлеуметтік жұмыс орындарына — 43 адам, жастар тәжірибесіне — 34 адам, тұрақты жұмыс орындарына — 28 адам, өз бетінше тұрақтанғандар — 74 адам жұмысқа орналастырылған. Жұмысқа орналаспаған 156 азаматтан 80 азамат дәлелді себептермен (бала күтіміне,денсаулығына, қоныс аударуына, ауданнан, облыстан тыс жерде жұмыс жасауына, жеке жұмыстармен айналысуына байланысты) жұмысқа орналастыруды қажет етпейді. Қалған 76 азаматты жұмысқа орналастыру шаралары жүргізілуде.

Үстіміздегі жылдың өткен мерзімінде, яғни шілде айында 1 азамат тұрақты жұмысқа, 2 азамат әлеуметтік жұмысқа орналастырылса, тамыз айынан бастап 6 азамат жастар тәжірибесіне, 1 азаматты әлеуметтік жұмысқа жолдау жоспарлануда.Сонымен қатар, аудан бойынша 2013 жылы Бағдарламаға сәйкес, мамандарды қайта даярлауға 10,4 млн. теңге бөлінсе, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 40,1 млн. теңге, ал жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 27,4 млн. теңге бөлінген. Сондай-ақ, бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 50 адамның оқуы жоспарлануда. Осы орайда шағын несие алушылар саны 95 болып, оның қазіргі таңда 34-і несие алса, шағын несие беруге бөлінген қаржы көлемі 167,0 млн. теңге қаралып, оның қазіргі таңда 72,5 млн теңге көлемінде қаражат берілген. Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша, 2013 жылға ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымдарын дамытуға 234,1 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, осы күнге оның 79,6 млн. теңгесі игерілген.


Қазіргі таңда, аудандық прокуратура Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңының талаптарына сәйкес, жұмыссыз жүрген азаматтардың терроризмге, экстремизмге немесе сепаратизмге бас ұруы мүмкіндігін алдын алу мақсатында тиісті жұмыстарды басты назарға алып отыр.