Жаңбырдан кейін Алматы метросына су кірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңбырдан кейін Алматы метросына су кірді

Жаңбырдан кейін Алматы метросына су кірді

Алматыда кешегі жаңбыр салдарынан Алматы метросын су басты. Бұл туралы бүгін «Метрополитен» мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметінен хабарлад

  • 17 Мамыр 2016
  • 446
Фото - Caravan.kz


«2016 жылдың 16 мамырында нөсер жауынның салдарынан Алматы метросын су басты. Дәлірек, «Жібек жолы» бекетінде шатыр астындағы дренаж жүйесінің суға толуына байланысты, су вестибюльге қарай аға бастады.

Алайда, сол күні кешке метрополитен жұмысшылары дер кезінде барлық ақауларды және су басу салдарын жойды», — делінген хабарламада.

Бұл жағдай пойыз қозғалысына әсер еткен жоқ. Метрополитен әдеттегідей штаттық режімде жұмыс істеп жатыр.