Жанна Фрискенің туыстары қазақстандық дәрігерлерден оны емдеуге өтініш етіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанна Фрискенің туыстары қазақстандық дәрігерлерден оны емдеуге өтініш етіп отыр

Жанна Фрискенің туыстары қазақстандық дәрігерлерден оны емдеуге өтініш етіп отыр

Рак дертіне шалдыққан танымал әнші және актриса Жанна Фрискенің туысқандары оны емдеуге қатысты қазақстандық дәрігерлермен ақылдасып отыр.

  • 29 Қаңтар 2014
  • 477
Фото - Caravan.kz

"Олар бізде әзірленген технологиялар бойынша емдеу мүмкіндігін талқылауды өтініп отыр", деді Астанада сәрсенбіде Қазақстан президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқармасының төрағасы Кеннет Әлібек.

"Бүгін оның әкесі Владимир Фрискемен сөйлестім, бұл сөйлесулер әлі жалғасады", деді ол.

"Әрине, мұның бәрін жария етудің керегі жоқ, бірақ бәріміз не десек те, оның өлім аузында жатқандығын түсінеміз", деді ол.

"Мұнда әкеле алса, оны қолға алуға дайынбыз. Жарнама емес, бірақ бүгінде менің ойымша, оны аман алып қалуға шамасы келетін біздер ғана. Әрине, бәрі оның жағдайына байланысты", деді ол.


"Мұны сенсация ретінде қабылдамасаңыздар екен. Менің айтайын дегенім, біз бас ми ісігі бөлімін ашқанбыз", деді ол.