Жантүршігерлік апатқа кінәлі жігіт түрмеден босап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жантүршігерлік апатқа кінәлі  жігіт  түрмеден босап шықты

Жантүршігерлік апатқа кінәлі жігіт түрмеден босап шықты

7 жылға сотталған Әлібек Қайымсұлтанов абақтыдан босатылған. «Tengrinews» интернет-порталының хабарлауынша, 3 адамның өлімімен аяқталған көлік апатына кінәлі азамат тамыз айында мерзімінен бұрын темір тордан шығыпты.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 189
Фото - Caravan.kz


Жазасын Өскеменде өтеп жатқан Қайымсұлтанов тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілінген екен. Соған байланысты жазасы 7 жылдан 3 жарым жылға дейін төмендетілген. Ал 2012 жылдың  жазында Астанадағы қоныс колониясына ауыстырылыпты. Араға тағы бір жыл салғанда Сарыарқа аудандық соты оның мерзімінен бұрын бостандыққа шығу жайлы өтінішін қанағаттандырған. Естеріңізге салсақ, 2009 жылдың күзінде мас күйінде «Porsche Cayenne» көлігін тізгіндеген Әлібек Қайымсұлтановтың  ережені өрескел бұзуы кесірінен 3 адам мерт болған. 2 жыл бойы бой тасалап жүрген «Трансстроймост» компаниясы директорының ерке ұлы кейін өзі полицейлерге берілген еді.