«Жанымды жаралаған Ауғанстан» - Кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жанымды жаралаған Ауғанстан» - Кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай көрме ашылды

«Жанымды жаралаған Ауғанстан» - Кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай көрме ашылды

Батыс Қазақстан облысында кеңес әскерінің Ауған елінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай шаралар өтуде.

  • 12 Ақпан 2014
  • 694
Фото - Caravan.kz

Бүгін облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Жанымды жаралаған Ауғанстан» атты көрме ашылды. Мұражай қызметкері Ләйлім Жұмағалиеваның айтуынша, оған негізінен сол соғыста қаза тапқан жауынгерлердің аналары берген құжаттар, хаттар, фотосуреттер қойылған. Көрменің ұйымдастырылуына «Ауған соғысы мүгедектері және ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» қоғамдық бірлестігі (төрағасы Тахир Қосчанов) атсалысты.

Сондай-ақ бүгін Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Жалын жастан зарын тартқан Ауғанның…» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып отыр. 13 ақпан күні Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Ауған әндері» атты облыстық отаншылдық рухтағы ән сайысының гала-концерті қойылмақ. 15 ақпан күні осы театрда аталған датаға орай салтанатты шара өткізіліп, оған өңір басшысы Нұрлан Ноғаев бастаған Ақ Жайық жұртшылығы қатыспақшы.

Осындай шаралар облыс аудандарында да ұйымдастырылды.


Ауған соғысына Батыс Қазақстан облысынан 1021 жас қатысса, соның 27-сі ерлікпен қаза тапты. Бір батысқазақстандық із-түзсіз кеткендердің тізімінде.