Жапон экономикасының даму қарқыны бәсеңдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапон экономикасының даму қарқыны бәсеңдеді

Жапон экономикасының даму қарқыны бәсеңдеді

Жапон экономикасы рецессиядан болжанған көрсеткіштен әлдеқайда баяуырақ шығуда.  Өткен жылдың соңғы тоқсанындағы өсім сарапшылардың болжамымен сәйкес келмеді, деп жазады шетелдік БАҚ.

  • 18 Ақпан 2015
  • 340
Фото - Caravan.kz

ІЖӨ бойынша алдын ала мәліметтер 0,6% экономикалық өсімді білдіреді. Елдің экономика министрі Акира Амари аталған статистикалық мәліметтер көпке созылған тоқыраудан шығуды білдіретінін айтты.

Алайда нарықтық сарапшылар тұтынудың және толық шығындардың баяу өсімін айтты. Экономикалық тұрақсыздық салдарынан компаниялар инвестиция құюға асықпайды.  

Алайда токиолық Nikkei индексі 7 жылда алғаш рет  0,5% өсті. Жапон нарығы еуропалық серіктестіктері Грециямен арада туған дауды сәтті шешіп, еуроның құламауына үміт артуда. Сонда Еуропаға шығарылатын жапониялық экспорт көлемі де азаймайды.