Жапондық балерина «Астана Опера» әншісіне тұрмысқа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапондық балерина «Астана Опера» әншісіне тұрмысқа шықты

Жапондық балерина «Астана Опера» әншісіне тұрмысқа шықты

Астананың «Астана Опера» театрында өнер көрсететін жапондық балерина Серина Цунагава өзінің бар өмірін Қазақстанмен байланыстырды. Ол опералық әнші Сүндет Байғожинге тұрмысқа шықты. Қазір ерлі-зайыптылардың Сәния есімді қыздары бар, деп хабарлады «Экспресс К» газеті.

  • 3 Сәуiр 2014
  • 640
Фото - Caravan.kz

Серина Цунагава — «Астана Опера» труппасын толықтырған үш жапондық балеринаның бірі. Өзінің жастық шағын ол Окинава аралында өткізген.

«Менің ата-анам — кәсіпкерлер, олардың шағын дүкені бар. Ал мен әрқашан балерина болуды армандадым. Жапониялық балет айтарлықтай жоғары бағаға ие, бірақ мен Ресейде оқығым келетін. Сол себепті мен Санкт-Петербургке — Ваганов балет академиясына аттандым. Оны тәмәмдағаннан кейін  Алматыға келдім, сонда Сүндетпен таныстым. Қазір біз бірге «Астана Опера» театрында жұмыс істейміз», — дейді Серина.

Үйлену салтанаты бірден екі жерде өткен. Жапонияда олар жергілікті дәстүр бойынша кимоно киіп үйленген. Үйлену шарасы синтоит шіркеуінде өткен. Ал Қазақстанда олар некелерін мұсылман мешітінде қиған.

Серина отбасында ер адам басты болу керек деп санайды: «Қазақтардағы сияқты жапондықтарда үлкендерге құрмет көрсету әдеті сақталады. Күйеуіне жапондық әйелдер отбасының басшысы ретінде құрмет көрсетеді. Мен өзімнің жұбайыма манты және палау әзірлеймін — оларды қалай дайындайтынын маған Сүндет үйретті».


«Астана Опера» басшылығы жас жұбайлардың тұрғын үй мәселесін шешіп берген, сондықтан олар шығармашылыққа толықтай берілген.

«Біздің төрт жасар қызымыз  Сәния Жапонияда атасы мен әжесінің қасында болған бірнеше аптада жапон тілінде сөйлеуді үйренді. Әр демалыс сайын біз Окинаваға барып тұрамыз», — дейді Серина.