Такаши Моризуми және Мико Ямата есімді журналистер қажетті ақпараттар жинау мақсатымен Азғыр полигонына таяу жерде орналасқан мүгедек балалардың Көшім интернатында болды.
Такаши Моризуми ядролық қаруды пайдалану зардаптары туралы кітап жазып, дүниежүзін одан бас тартуға үндемекші. Осы мақсатпен журналистер бұған дейін Невада, АҚШ және Үндістанда болып, Хиросима және Нагасаки қалаларындағы проблемаларды зерттеген.