М.Мацусита өтініші бүгін қанағаттандырылған Экономика, сауда және өнеркәсіп министрінің артынан үкіметтен кетті, деп хабарлады жапондық Эн-Эйч-Кей телеарнасы.
«Оларды мен тағайындағам (министрлік қызметке – ИФ). Үкімет басшысы ретінде мен жағдайға жауаптымын және кешірім сұраймын», — деп мәлімдеді премьер-министр.
Осылайша 2014 жылы С.Абэде тағайындалған бес әйел министрдің екеуі қызметінен айырылды.
Жапония оппозициясы Жапонияның Либералдық-демократиялық партия мүшесі М.Мацусиманы сайлауалды науқан барысында ол жақтастарына өзінің суреті бар желпуіш таратқан. Бұл қымбат сыйлықтың көмегімен адамдарды сатып алу және сайлау заңын бұзу болып саналады.
М.Мацусима парламенттік тексеруден құтылу үшін қызметтен кету туралы шешім қабылдаған.
Ю.Обутидің қызметтен кетуіне қаржы дауы себеп болған. Оппозиция мәлімдегендей, сайлауалды науқан барысында Юко Обути концерт үшін залды жалға алған. Жалдау құны жақтастары төлеген билет құнынан артық болған. Бұл жапон заңына сәйкес сайлаушыларды сатып алу болып есептеледі.