Жапония Қазақстандағы үш ұйымға 110 мың доллар көлемінде грант бөлмек - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапония Қазақстандағы үш ұйымға 110 мың доллар көлемінде грант бөлмек

Жапония Қазақстандағы үш ұйымға 110 мың доллар көлемінде грант бөлмек

Жапония үкіметі «Шөптің тамыры» бағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы үш ұйымға

  • 13 Наурыз 2014
  • 379
Фото - Caravan.kz

әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 110 мың доллар көлемінде грант бөлмек.

Грант келісімшартын бекіту рәсімі 17-наурыз күні Астанада өтеді. Оған Жапонияның Қазақстандағы елшісі Камохара Масаеси мен грантты жеңіп алған ұйымдардың өкілдері қатысады, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметінен.

«Жапония бұл көмек Қазақстанда адам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосады және аталған жобалар екі ел арасындағы достық қарымқатынасты нығайтуға ықпал етеді деп сенеді», — делінген хабарламада.

Жапонияның «Шөптің тамыры» атты қайтарымсыз көмек бағдарламасы Қазақстанды 1997 жылы іске қосылған болатын. Ол үкіметтік емес ұйымдарды, жергілікті атқару органдары мен алғашқы медициналық көмек мекемелерін қолдауға бағытталған. Бағдарлама іске қосылғалы бері Қазақстан бойынша 67 жобаға 5 млн доллардан астам қаржылай көмек көрсетілді.