Жапония ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрасының тізіміне камикадзе хаттарын енгізуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапония ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрасының тізіміне камикадзе хаттарын енгізуді ұсынды

Жапония ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрасының тізіміне камикадзе хаттарын енгізуді ұсынды

Жапонияның билік өкілдері Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) әлемдік мұра тізіміне камикадзенің өсиеті мен 333 хатын енгізу туралы өтініш жолдады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

  • 4 Ақпан 2014
  • 374
Фото - Caravan.kz


Құжат өлім жазасына кесілген осы адамдарға арналған Әлем музейі орналасқан Минами-Кюсю қаласының әкімшілігі атынан жазылған. Музейде камикадзеге қатысты 14 мың фото, хат және өзге де құжаттар сақталған.

Жанкешті-ұшқыштар отряды 1944 жылдың қазан айынан өз ісін бастаған болатын. Шамамен 4 мың камикадзе дайындалған. АҚШ ақпараты бойынша, олардың шабуылы нәтижесінде 34 кеме суға батырылып, 300-ге жуығы зақымданған.