Жапонияда алапат өрт болып, 140 үй жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапонияда алапат өрт болып, 140 үй жанып кетті

Жапонияда алапат өрт болып, 140 үй жанып кетті

Оқиға Хонсю аралының батыс жағындағы Итоигава қаласында болған. Өрт қаланың қақ ортасындағы қытай мейрамханасында тұтаныпты. Содан кейін қызыл жалын жан-жағындағы ғимараттарды шарпи бастаған. 

  • 23 Желтоқсан 2016
  • 1221
Фото - Caravan.kz

Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен он сағат бойы арпалысты, деп хабарлайды НТВ телеарнасы NHK телеарнасына сілтеме жасап. Секундына 24,2 метр жылдамдықпен соққан жел олардың жұмысын қиындатып жіберген. Қатты жел тұрғандықтан кей жерлерде жалын 300 метрге дейін көтерілді.  

Қазіргі мәлімет бойынша, өрт салдарынан екі тұрғын зардап шеккен. Кісі өлімі туралы ақпарат жоқ. Тек белгілісі, қызыл жалын 140 үйді жайпап өтті. Бұл соңғы 20 жылдағы жер сілкінісі немесе цунами себеп болмаған ең алапат өрт екен.  

Фото: the-japan-news