Жапонияда автокөлік тоннелі опырылып құлады: қаза тапқандар бар - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапонияда автокөлік тоннелі опырылып құлады: қаза тапқандар бар

Жапонияда автокөлік тоннелі опырылып құлады: қаза тапқандар бар

Жапония астанасы Токио қаласының жанындағы Тюо тас жолындағы көлік тоннелі опырылып құлады. Соның салдарынан кем дегенде екі адам зардап шекті.

  • 3 Желтоқсан 2012
  • 398
Фото - Caravan.kz

Алдын ала болжам бойынша, тоннельдің ішінде тағы жеті адам қалуда, деп хабарлайды жергілікті билік көздерінің ақпаратына сілтеме жасаған ВВС.

Жалпы ұзындығы шамамен төрт шақырымнан асатын Сансаго тоннелінің 30 метрлік учаскесі бұзылды. Құтқарушылардың мәліметтерінше, оның төбесі мен қабырғасының бір бөлігі құлады.

Полицияның ақпаратынша, үйінділердің астында екі автомобиль қалуы мүмкін. Олардың бірі өртенді, бірақ жалын ауыздықталды.

Тоннельдің жан-жағында қара түтін пайда болды, деп хабарлады оқиға орнында болған тілшіге сілтеме жасаған жапондық NHK телеарнасынан.