Жапонияда бірінші атом электр станциясы іске қосылды
Жапонияда қайғылы Фукусима оқиғаларынан кейін араға 4 жыл салып, бірінші атом электр станциясы іске қосылды. Алайда 2011 жылдың көктемінде жер сілкінісі салдарынан болған ірі жарылыстардан қатты зардап шеккен жергілікті халық бұған наразылығын білдіруде. |
Кюсю аралында орналасқан жаңа стансаның әзірге тек бір бөлігі ғана жұмыс істей бастады. Алдағы бірер күнде толық қуатына көшпек. Дегенмен, жергілікті халық Жапония үкіметінің бұл шешіміне қарсылық білдіруде. Олар жаңа стансалардың қауіпсіз жұмыс істейтініне сенбей отыр. Айта кетсек, бүгінге дейін Жапония аумағындағы барлығы 48 атом электр стансасы түгел жұмысын тоқтатқан болатын. Алдағы уақытта ел билігі солардың 25-ін жаңа қауіпсіздік жүйесімен жарақтап, қайтадан іске қоспақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін