Жапонияда 61 жастағы әйел көзіне шөп салғаны үшін күйеуін шыныаяқпен ұрып өлтірген.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол жасы жетпіске толса да көңілдесін қимай жүрген күйеуін соққының астына алыпты. Иокогама университетінде сабақ беретін еркек ауруханада жан тапсырған.
«Менің суқаным сүймейтін әйелмен көңіл қосқанына ренжідім. Соған ашуланып, оны басынан шыныаяқпен 10 шақты рет ұрдым», — дейді әйел.
Полицейлер әйелді қамауға алды.