Жапонияда қалың қар: Әуе рейстері тоқтатылып, мыңдаған үйлер жарықсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапонияда қалың қар: Әуе рейстері тоқтатылып, мыңдаған үйлер жарықсыз қалды

Жапонияда қалың қар: Әуе рейстері тоқтатылып, мыңдаған үйлер жарықсыз қалды

 Гифу префектурасы мен елдің орталық бөлігінде қалың қардың түсуі салдарынан 3,6 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды.

  • 18 Желтоқсан 2014
  • 256
Фото - Caravan.kz

Қалың қар мен дауылды жел 93 әуе рейсін тоқтатып, Хонсю аралының солтүстік-шығысындағы "Синкансэн" жүйрік пойыздарының қозғалысына қиындық туғызды.

Хоккайдо аралының шығысындағы дауылды толқындар мен су басу қаупінен жағалаудағы аудандардың 240 тұрғыны қауіпсіз жерге көшіріліп, тағы 1,5 мың адамға  үйлерінен кету ескертілді.

Ниигата префектурасында түскен қардың қалыңдығы 1,6 метрге дейін жетеді, ал Хоккайдода өткен тәулікте қалыңдығы 90 сантиметр қар түскен.