Жапонияда жер сілкінісінен 18 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапонияда жер сілкінісінен 18 адам зардап шекті

Жапонияда жер сілкінісінен 18 адам зардап шекті

Жапонияның оңтүстік-батысында болған жер сілкінісінен 18 адам жарақаттанды. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,2 баллды құраған. 

  • 14 Наурыз 2014
  • 240
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.

Жер сілкінісінің кіндігі Ішкі Жапон теңізінде Хонсю, Кюсю және Сикоку аралдарының ортасында орналасты.
Зардап шегушілердің басым бөлігі сөрелердегі заттардың үстеріне түсуінен, жердің тербелуінен құлап, жарақаттанған.

Апат салдарынан Хиросимадағы 8 мың үйге электр қуатын беру бірнеше сағатқа тоқтатылған. Сондай-ақ автомагистральдардағы көлік қозғалысы да шектелген.