Жапонияға алапат тайфун тақап келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапонияға алапат тайфун тақап келеді

Жапонияға алапат тайфун тақап келеді

Жапонияға алапат тайфун тақап келеді. Тынық мұхитынан келе жатқан дүлей дауыл салдарынан 235 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

  • 17 Шiлде 2015
  • 245
Фото - Caravan.kz

Елді әбігерге салып жатқан «Нанка» деп аталатын тайфун. Тынық мұхитынан жағаға қарай секундына 20 метр жылдамдықпен жүйткіп келеді. Қазір сол аймақтағы аралдарда орналасқан тағы бір жарым миллион тұрғынға дайын отыру керектігі ескертілген. Әсіресе, Окинава, Кюсю, Сикоку аралдары аса қауіпті аймақ болып тұр. Оның үстіне, метеорологтар таудан лай көшкіні болуы мүмкіндігін ескертті. Сондай-ақ, бір тәуліктің өзінде 214 әуе қатынасы уақытша тоқтатылған.