Жапониялық туристер Байқоңырдан ғарышқа аттанады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапониялық туристер Байқоңырдан ғарышқа аттанады

Жапониялық туристер Байқоңырдан ғарышқа аттанады

Ғарыш туристері Байқоңырға соңғы 12 жылда алғаш рет келді. Желтоқсанның 8-і күні екі жапон турисі мен ресейлік ғарышкер Александр Мисуркин Халықаралық ғарыш станциясына аттанады.

  • 22 Қараша 2021
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін экипаж дайындықтарын жалғастырады. Олар халықаралық ғарыш станциясында 12 күн болады.

Айта кетейік, кеңістіктегі станцияға ғарыш саяхатшылары соңғы рет 2009 жылдың қазан айында барған. Жалпы онда 7 турист болып қайтқан.

Толқып тұрғаным соншалық көзіме жас келіп тұр. Мұның барлығы адамға қатты әсер етеді екен — дейді ғарыш турисі Юсаку Маэдзава.

Ал ғарышкер Александр Мисуркин ғарыш кемесін тексеріп, танысып жатқандарын айтты.


Киімдерді киіп көріп, кемені қарап шықтық. Барлық басқару жүйелерін тексеріп кемедегі жағдайға бойымызды үйретіп жатырмыз — дейді ғарышкер.

Соңғы жаңалықтар