Жапониялықтар секс-құлдықта ұстаған әйелдердің видеосы алғаш жарияланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапониялықтар секс-құлдықта ұстаған әйелдердің видеосы алғаш жарияланып отыр

Жапониялықтар секс-құлдықта ұстаған әйелдердің видеосы алғаш жарияланып отыр

Оңтүстік Кореяның бір топ ғалымдары 1944 жылы түсірілген виедоны тауып, оны жарыққа шығарды.

  • 8 Шiлде 2017
  • 1702
Фото - Caravan.kz

Бұл видеода жапониялық әскрилер секс-құлдықта ұстаған кореялық әйелдер көрсетілген. Бейнежазба YouTube виедохостингінде жарияланды. 

Тұтқын әйелдерді "жұбаныш бекеті" аталып кеткен орындарда ұстаған, деп жазады Mirror басылымы. Мұндай бекеттердің алғашқысы 1932 жылы Шанхайда ашылған. Он жылда мұндай орындардың саны жүзден асқан. 

Тарихшылардың болжамы бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жапондар 200 әйелді сексуалдық құлдықта ұстаған. Олардың көбі кәмелетке толмаған қыздар болатын. Мұндай тұтқынға түскендердің тек төрттен бірі ғана тірі қалған. Қалғандары тым нашар өмір жағдайы немесе күнделікті көрген зорлық-қомбылықтан көз жұмған. Өзіне қол жүмсағандар да аз болмаған. 

Бұл видео Қытайдың Юньнань аймағындағы Суншань қаласында жапониялықтардан азат етілгеннен кейін түсірілген.