Жақсыбеков Астанада көмір жағуды біржола тоқтатпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақсыбеков Астанада көмір жағуды біржола тоқтатпақ

Жақсыбеков Астанада көмір жағуды біржола тоқтатпақ

Астана әкімдігінің лауазымды қызметкерлері мафиямен байланысы бар деп айыпталды. Бүгін қала басшысының есеп беру жиынына келген тұрғын осылай деді. Әділбек Жақсыбеков болса, мұндай деректі құзырлы органдарға тексеруді тапсырды. Ал Астана әкімінің кездесуіне кіре алмаған тұрғындар ашулы. Мәдениет сарайының есік-терезесін қирата жаздады. Жалпы жұмыс күніне қарамастан, Жақсыбековты жүзбе-жүз көруге келгендер көп. Елорданы тұман тұмшалауының себебін көмір жағатындардан көрген әкім болса, енді бұл отынды пайдалануға тыйым салмақшы.

  • 19 Ақпан 2015
  • 356
Фото - Caravan.kz

Конгресс-Холлға кіре алмағандар әйнекті бар күшімен тоқпақтап тіпті есікті сындыра жаздады. Талай шенеуніктің табалдырығын тоздырып шаруасын шеше алмай сандалған жұрт бүгін сауалдарын тікелей Астана әкіміне қоймақшы болған. Бірақ, есік аузынан кері қайтты.

-Сағат 8-30-дан бері осы жерде тұрмыз. Орын жоқ деп кіргізбей жатыр. Сағат онның кезінде, жиналыңдар деген. Өйтетін болса, халықты жинамау керек еді…

Ал мәдениет сарайынан орын бұйырғандар алдымен Астана әкімінің есебін тыңдап, кейін сұрақ қою үшін микрафонға таласты. Ал әкім жаңа болғанымен сұрақтар ескі. Жетімдер, көпбалалы отбасылар, үлескерлер дауы, құлағалы тұрған баспана кооперативтер мен тұрғындар арасындағы жанжал. Бұл жолы да үй мен жер сұраушылар көп.

Әділбек Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі:

-Қалада жер алу үшін 100 мыңнан астам адам кезекте тұр. Ол өте қиын мәселе. Қазіргі уақытта заң өзгерді. Қазір үй салуға жер тек аукцион ақылы беріледі.

Әділбек Жақсыбеков, таңсәріде Алматы секілді Астананы неліктен тұман тұмшалау себебін де тауып қойыпты. Сөйтсек бұған табиғаттың тылсым күші емес, көмір жағатын жеке сектордың тұрғындары кінәлі екен. Әсіресе, әкім улы газбен тұншықтырып жатыр деген осы Оңтүстік-Шығыс пен Көктал ауданының жұртына көмір жағуға тыйым салатынын ескертті.

Сонымен қатар Жақсыбеков жаңадан салынған үйлерді көлік қоятын тұрағы болмаса қабылдамауды талап етті. Әкім жолдарды жаппай жөндеп, бас қаланы көлік кептелісінен құтқаруға да уәде берді. Және экологияға  төнген қауіпті сейілту үшін қала басшысы мына жағымсыз иісі мүңкіп тұратын кабинкалардан біржола құтылмақ. Оның орнына халықаралық талаптарға сай қоғамдық дәретханалар тұрғызбақшы. Бір қызығы, бүгін халықпен бірге құрылыс компаниясына алдандық деп әкімдік қызметкерлерінің өзі арыз айтуға келген. Бірақ ауыр сөз естіп тынды.


-Әкімдікте жұмыс істеп жүріп неге сұрамайсыңдар? Бұл не деген сауатсыз мамандар. Бұларды әкімдіктен қуу керек.

3 сағатқа созылған есеп беруде біреу мұңымен бас қайғы болса, екіншілері ұйқыларын  қандыруға келгендей.

-Екінші рет Астана әкімі боп оралған Жақсыбековтың бұл қызметіне кіріскен 4 айдағы халықпен алғашқы кездесуі. Араға жылдар салғанымен,  бейнефисі аншлагпен өтті. Қала басшысы, кейбір мәселені жиын үстінде шешсе, кейбір адамдарды кабинетіне шақырып сөйлесетінін айтты. Ал Жақсыбековке сұрағын қоя алмағандарға енді жеке  қабылдауына жазылуға немесе  келесі жылды күтуге тура келеді.