Жақын болашақта Алматыға сырттан кіретін көліктер ақы төлейтін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақын болашақта Алматыға сырттан кіретін көліктер ақы төлейтін болады

Жақын болашақта Алматыға сырттан кіретін көліктер ақы төлейтін болады

2014 жылы Алматыда ақылы автотұрақтар жұмыс істей бастайды. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.

  • 3 Желтоқсан 2013
  • 378
Фото - Caravan.kz

«Біз Лондондағы, өзге қалалардағы сияқты ақылы, дұрыс автотұрақтарды сынақтан өткізіп болдық. Келесі жылдан бастап жаппай, өркениетті ақылы тұрақтар жұмыс істейді», — деді А.Есімов сейсенбі күні Алматы халықаралық инвестициялық форумында.

«Содан соң келесі жобаны жүзеге асырамыз. Ол – ақылы жолдар, қалаға кірерде ақы төлеу және шаһарға кіреберіске тұрақтары бар автовокзалдар салу жобалары», — деді әкім.

«Ол үшін біз қоғамдық көлікті дамытып, оны қаланың сыртына дейін шығаруымыз керек. Ол жерде ақылы тұрақтар болады, сырттан келгендер сол жерге көлігін қояды. Сонда шаһарға келетін көлік санын 30 пайызға қысқартамыз деп ойлаймын», — деді ол.