"Жарылысқа анам мен бауырымды айыптап отыр": Жаңаөзендегі жарылыста жапа шеккендердің туыстары биліктен көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жарылысқа анам мен бауырымды айыптап отыр": Жаңаөзендегі жарылыста жапа шеккендердің туыстары биліктен көмек сұрады

"Жарылысқа анам мен бауырымды айыптап отыр": Жаңаөзендегі жарылыста жапа шеккендердің туыстары биліктен көмек сұрады

Жаңаөзен қаласындағы Рахат-2 ықшамауданындағы жарылыстан жәбірленгендердің қызы биліктен көмек сұрап отыр. Бойжеткен өз нұсқасын ұсынып, бейнежазбаға түсіріп оны watsapp желісі арқылы таратқан.

  • 19 Қараша 2018
  • 268
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Lada.kz басылымына сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жарылыстың болу себебі үйге қосылған газ құбырынан болынды делінген. Дегенмен бойжеткен оның бәрі жалған екенін хабарлады.

"Үйдің астынан газдың құбыры табылып, труба тесілген. Қазір анам мен бауырым ес-түсісіз жатыр, оған қарамастан бізді кінәлап жатыр. Газдың трубасы тесіліп, содан үйіміздің тас талқаны шықты", — дейді бойжеткен.

Оған қоса жәбірленушілер жансақтау бөлімінде жатқанына қарамастан, үйдің тас талқаны шыққанына қарамастан Жаңаөзен қаласының шенеуніктері оларға ешқандай көмек көрсетпеген.


"Қазір анам мен бауырыма көмек керек. Біздің жағдайымызды сұрап әкім де, басқалары да келмеді. Телевидение шақырсақ, керісінше бізді айыптап отыр. Шенеуніктердің осылай дұрыстап қарамағанынан анам мен бауырым ес-түссіз жатыр", — деп күйінді бойжеткен.

 

Соңғы жаңалықтар