Жасөспірімдер "лайк" жинау үшін баланы соққыға жыққан - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жасөспірімдер "лайк" жинау үшін баланы соққыға жыққан

Жасөспірімдер "лайк" жинау үшін баланы соққыға жыққан

Балалар өздері қатарлас ер баланы соққыға жығып, кейін көрермендерден "лайк" басуды сұраған, деп хабарлайды РЕН ТВ телеарнасы.

  • 10 Шiлде 2017
  • 197
Фото - Caravan.kz

Телеарнаның мәлімдеуінше, бұл оқиға Қазақстанда болған, бірақ нақты қай өңірде болғаны айтылмайды. 

Видеода бір бала жылап жерде жатыр, сол кезде екінші бала оны қолымен ұрып, аяғымен тепкілейді. Содан соң балалар көрермендерден "өз арналарына жазылуды сұрап", "лайк" қоюды өтінеді, сол үшін көрермендерге сыйлық беруге уәде етеді. 

"Арнамызға жазылмай, "лайк" баспайтын болсаңдар, барып өлтірем сендерді", — дейді балалардың бірі.