Ашық қалған терезеден үйге заңсыз кірген ол ұялы телефон мен оралған ақшаны алып қашпақ болған. Алайда, сол бөлмеде ұйықтап жатқан жасөспірім оның қимылынан оянып кетіп, айқайлай бастаған. Ол оны тұншықтырып, қылқындырған. Жәбірленуші қарсылық көрсетуін тоқтатпаған соң, оны ұрып, қашып кеткен.
Сот отырысында келтірілген залалдың орыны толтырғаны үшін жәбірленуші сотталушыға қоятын талаптары жоқ екенін айтып, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Сот үкімімен ол ҚК-нің 178 бабы 2-бөлігі «а,г» тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленбей, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.