Жастарды «жиһадқа» үгіттеген павлодарлықтарға сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастарды «жиһадқа» үгіттеген павлодарлықтарға сот үкімі шықты

Жастарды «жиһадқа» үгіттеген павлодарлықтарға сот үкімі шықты

Павлодарда лаңкестік пен экстремизмді насихаттағандарға қатысты сот үкімі шықты. Жастарды «жиһадқа» үгіттеген төрт адам 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

  • 8 Желтоқсан 2014
  • 252
Фото - Caravan.kz

Ең ұзақ мерзімді, яғни 6 жылды өзін «Жамағат Айдархан» деп атаған топ жетекшісі арқалады. 46 жастағы «әмір» жергілікті күзет агенттігінің басшысы қызметін де қоса атқарған. 

Қалған  20-25 жас аралығындағы азаматтар Ақбиев, Жолаев, Қабден алдағы 3 жылды абақтыда өткізетін болды. Бұлар қаладағы жалдамалы пәтерлер мен орталық мешіттің маңайында жиын ұйымдастырып, жұртшылықты жиһадқа қатысуға шақырған. Сондай-ақ садақа жинап, ол ақшаны сотталған жолдастарының отбасыларына көмек ретінде үлестіріп келген. 

Қылмыстық топ сот залынан тікелей жалпы тәртіптегі түзеу колониясына жөнелтілді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.