Жастарға арналған 2,5 пайыздық несиені алу үшін кепілге не қою керек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастарға арналған 2,5 пайыздық несиені алу үшін кепілге не қою керек

Жастарға арналған 2,5 пайыздық несиені алу үшін кепілге не қою керек

Пайызы аз несе алу шарттары айтылды.

  • 22 Ақпан 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

21-35 жас аралығындағы азаматтар «Аграрлық кредиттік корпорациясы» арқылы 2,5 пайыздық несие алу үшін міндетті түрде кепіл қою керек, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Бұл жайында орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды.

БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары аталған несие алу үшін міндетті түрде кепілге мүлік қою керектігін түсіндірді.

Олардың айтуынша, кепілдік ретінде жылжымайтын мүлік пен арнайы техника қойылады.

«Жастарға микрокредит беру жаңа құрал болмақ. Кредиттер 21-ден 35 жасқа дейінгі аралықтағы жастарға беріледі. Бұл ретте пайызды мөлшерлеме 2,5 пайыз болады. Мерзімі – 5 жылға дейін. Ал мал шаруашылығы бағытында алса, 7 жылға дейін. Сонымен қатар негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі. Оның ұзақтығы микрокедит мерзімінің үштен бірінен аспауы керек. Бұл кредиттерді «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ береді», — деді вице-министр Олжас Ордабае


Соңғы жаңалықтар