Жарияланды: 430

Жатақханадағы өртті сөндіру кезінде 13 адам құтқарылды, олардың ішінде 4 бала болды

Атырау қаласында бүгін түнде 5 қабатты жатақхананың үшінші қабатындағы бөлмеден өрт шықты,

деп хабарлады ҚР ТЖМ Атырау облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметінен. 24 шаршы метр аумаққа тараған өрт бір сағаттан кейін жойылды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Атырау облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметінің 15 адам мен 5 техникасы жұмылдырылды. 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 13 адам құтқарылды, соның ішінде 4 бала болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін